Алматыда велоспорттың Down Hill тәртібі бойынша қала чемпионатының екінші кезеңі аяқталды

АЛМАТЫ. Қазанның 6-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -  Алматылықтар   велоспорттың  Down Hill  тәртібі бойынша өткен ашық қала  чемпионатының  екінші кезеңінде   барлық қарсыластарын қапы қалдырды,

Алматыда велоспорттың  Down Hill  тәртібі бойынша қала чемпионатының екінші кезеңі аяқталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екі күнге созылатын бұл жарысты "Экстремальдық атлетика" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған болатын.  Оған Алматы қаласының велоспорт федерациясы мен "Велофонд" қоғамдық қоры қолдау көрсетті. Оған Қазақстанның Алматы, Өскемен және  Қырғызстаның Бішкек қаласынан  спортшылар қатысты. Тартысты өткен бәсекеде үш топта  да алматылықтар жүлделі орындарды өзара бөлісті. Мәселен   14 пен 18 жас аралығындағылар арасында  үздік үштікке Саут Закиров, Анатолий Трушников және  Александр Зубенко енді. Ал 18 жастан жоғарғы ересектер арасында мәре сызығын Жомарт Құмақбаев бірінші боп кесіп өтті. Одан кейінгі орындарды Павел Розбицкий мен Андрей Давыденко бөліссе, қыздар арасындағы сайыста  Валерия Савельева мен Алина Кирпичева жарыс жеңімпаздары атанды.