Алматыда «Вертикалды шақырым» халықаралық жүгіру жарысы өтуде
АЛМАТЫ. Қазанның 23-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін Алматыдағы «Ақбұлақ» сауықтыру кешенінің маңында өрге қарай жүгіруден «Вертикалды шақырым» атты халықаралық жарыс өтуде.
Оны ҚР Ұлттық олимпиада комитеті биылдан бастап «Азиадаға 100 күн қалды» акциясының аясында ұйымдастырылып отыр. Жарысқа елімізбен қатар, көрші мемлекеттерден де әуесқой спортшылар қатысуда.
Қатысушылар жүгіруді 1610 метр биіктіктен бастап 2610 метр биіктікте аяқтайды. Жеңімпаздар 2 санат бойынша марапатталады. Жекелей сында - жолды алғашқы болып аяқтағандар. Ал топтық бәсекеде - 2 ерлер және 1 әйелдер тобы нәтижелері бойынша өтеді. Сонымен бірге, «ең жас» және «ең үлкен» қатысушылар аталымдары бойынша да марапаттаулар болады.
Қазақстанда жыл сайын 3 тауға қарай жүгіру жарысы, атап айтқанда шілдеде - «Нұрсұлтан» құзында, қыста - қайтыс болған альпинистер әруағына «Амангелді» шыңында және мамырда - Кіші Алматы шатқалындағы қоссайыс өтеді.