Алматыда «Ветеринарлық тәжірибенің заманауи ағымы» тақырыбында конференция өтіп жатыр
АЛМАТЫ. Қарашаның 5-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыда 3-ші халықаралық «Ветеринарлық тәжірибенің заманауи ағымы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Конференция барысында отандық мамандар мен Ресей және Орталық Азиядан келген қонақтар, «жұқпалы аурулар», «жұқпалы емес ішкі аурулар және оларды зерттеу әдістері», «ветеринарлық құрылғылар мен жабдықтар», «ветеринарлық менеджмент сұрақтары мен этикасы» тақырыптарында баяндамалар оқып, ветеринарлық тәжірибенің заманауи ағымын талқылады. Сондай-ақ ветеринарлық өнімдердің және ветеринарлық клиникалар мен зертханаларға арналған құрылғылардың көрмесі болды.
«Біз шетелдік мамандармен емдеудің жаңа нұсқаларымен алмасып, профилактикалық әдістермен бөлісе отырып ветеринар дәрігердің тәжірибесіне қажетті дәрі-дәрмектермен таныстық», дейді шараны ұйымдастырушы, «Экви Лаб» ЖШС-нің директоры Жаннета Көмекбаева.