Алматыда VI Халықаралық PR форум өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Мемлекет жүзеге асыратын жобалар мен бастамалар әрқашанда қоғам тарапынан түсіністік пен қолдауға ие бола бермейді. Бұл бүгін Алматыда өз жұмысын бастаған VI Халықаралық PR форумда жан-жақты талқыланып жатыр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандағы PR күндері аясында өтіп жатқан бұл шараны "PR-шы" клубы PR Communications консалтинг агенттігімен бірлесіп ұйымдастырды. Агенттіктің бас директоры Әсел Қараулованың айтуынша, мемлекет жүзеге асыратын жобалар мен бастамалар еліміздің болашағында үлкен ықпалға ие. Өкінішке қарай, ол әрдайым қоғам тарапынан қолдау таба бермейді. Сондықтан да бұл форум "Жауапкершілік коммуникациясы: болмыс па, әлде ұқсастық па" деген тақырыппен өтіп жатыр. Алыс-жақын шет елдерден 200-ге жуық коммуникация мамандарының басын қосқан форумда алғашқы күні ICC Advisors агенттігінің қолдауымен әзірленген "Коммуникаторлар баромотрі" тақырыбындағы зерттеу нәтижелері таныстырылады. "Аса ірі мемлекеттік жобалар коммуникациясы" жөнінде пікірсайыс жасалып, "2010-2020 жылдардағы Қазақстанның ақпараттық кеңістігі" және "Қаржы нарығындағы коммуникация: клиентке оралу" деп аталатын жеке мәжілістер болады. Сондай-ақ арнайы шеберлік дәрістері жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар