Алматыда VI-шы Халықаралық мұнай-газ форумы өтеді

АЛМАТЫ. Сәуірдің 16-ы. ҚазАқпарат /Елдос Өмірзақ/ - Алматыда сәуірдің 18-19-ы күндері VI Халықаралық мұнай-газ форумы өтеді,

Алматыда VI-шы Халықаралық мұнай-газ форумы өтеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Инженер мұнайшылар қоғамы ұйымдастырған бұл шара Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің 75 жылдық мерейтойына орайластырылып отыр. Форумның мақсаты - ірі мұнай-газ компанияларының көмегі арқылы жас мамандар дайындау. Оған Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Шымкент, сондай-ақ Мәскеу, Новосібір, Тюмень, Уфа қалаларының студенттері қатысады. Форум бағдарламасында дөңгелек үстел жиыны мен семинарлар, тренингтер, «Oil Games-2009» зияткерлік ойынын ұйымдастыру жоспарланып отыр.