Алматыда VI жазғы Спартакиада ойындары өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 2-8 ақпан аралығында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының VI жазғы Спартакиадасы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда VI жазғы Спартакиада ойындары өтеді

Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметі Спартакиада бағдарламасын жария етті. Күрес федерациясының мәліметіне сәйкес:

2 ақпан – командалардың келу күні. Мандаттық және төрешілер комиссиялары;

3 ақпан – грек-рим күресі

55, 63, 72, 82, 97 келі салмақ дәрежелері;

4 ақпан – грек-рим күресі

60, 67, 77, 87, 130 келі салмақ дәрежелері;

5 ақпан – әйелдер күресі

- 50, 53, 55, 57, 59, 62, 65, 68, 72, 76 келі салмақ дәрежелері;

6 ақпан – еркін күрес

- 57, 65, 74, 86, 97 келі салмақ дәрежелері;

7 ақпан – еркін күрес

- 61, 70, 79, 92, 125 келі салмақ дәрежелері;

8 ақпан – командалар қайтатын күн.

«Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының VI жазғы Спартакиадасы Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтеді», - деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда 2021 жылы 4-27 желтоқсан аралығында V Қысқы республикалық спартакиада өткен болатын.


Фото: sports.kz