Алматыда волейболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан кубогы жарысы басталады

АЛМАТЫ. 27 тамыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 29-тамызда Октябрь Жарылғапов атындағы спорт залында волейболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан кубогы жарысының алғашқы кезеңі басталады. Оған Алматы қаласынан - «Алматы»,

Алматыда волейболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан кубогы жарысы басталады

«ЦСКА», Теміртау қаласынан - «Металлург АМТ», Орал қаласынан - «Грация-KZ», Өскемен қаласынан - «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» және Алматы облысынан - «Жетісу-2» командалары қатысқалы отыр. Жарыстық ширек финалдық ойындары одан кейін 4-11 қазанда Павлодарда жалғасады. Оған іріктеу кезеңінде үздік төрттіктің қатарына кіргендер мен Ұлттық лигадағы 4 командадан - «Жетісу», «Ертіс-Қазхром», «Қарағанды» және «Астана» волейболшылары қатысады. Ал ақтық сынға жолдама алған 4 команда 4-7 қараша күндері Алматыда Қазақстан кубогын сарапқа салатын болады.