Алматыда волейболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан кубогы жарысының алғашқы кезеңі аяқталды

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Алматыда волейболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан кубогының алғашқы кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясына сілтеме жасап.

Алматыда  волейболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан кубогы жарысының алғашқы кезеңі аяқталды

Үш күнге созылған алғашқы кезеңнің қорытындысында ширек финалға жолдама алған 4 команданың аты белгілі болды. Бұл сайыста "Қарағанды" бірінші, "Металлург" (Теміртау) екінші, "Шығыс-СвинецСтрой" (Өскемен) үшінші, "ЦСКА-Алматы" (Алматы) төртінші орын алды. Енді қазанның 1-9 күндері Талдықорғанда өтетін Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындарында бақ сынайды. Онда олардың қатарына Ұлттық лигадан Алматы облысының "Жетісу", Павлодар облысының "Ертіс-Қазхром" және Алматы мен Астананың қалаларының аттас командалары қосылады.