Алматыда волейболдан Қазақстан чемпионатының 3-туры өтуде

АЛМАТЫ. 14 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыдағы "Темір дос" спорт кешенінде волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХІХ Қазақстан чемпионатының 3-туры өтіп жатыр.
None
None

Турнир кестесінде көш бастап келе жатқан жарыс қожайындары кеше Өскеменнің "Шығыс-Қорғасын Құрылыс" командасына 0:3 (25-22, 25-16, 25-22) есебімен ойсырай ұтылды. Бұған дейін алматылықтар "ТНК Қазхром" (Хромтау) мен "Атырауды" осындай есеппен тізе бүктірген болатын. Ал үздік үштікті түйіндеп тұрған өскемендіктер Қызылжардың "Есілін" 3:1 есебімен ұтқанымен, Оралдың "Конденсатына" 0:3 есебімен ойсырай ұтылып қалды.

Алғашқы 2 турдың қорытындысы бойынша көшбасшыдан 4 ұпай артта қалған хромтаулықтар "Атырау" ( 3:1) мен "Конденсатты" (3:0) ұтқанымен "Алматыға" (3:0) тағы да есе жіберді. Бүгін барлық командалар тынығып, жарысты ертең одан ары жалғастырады. Ал 3-турдың ақтық кездесулері 16 ақпанда өтеді.

Соңғы жаңалықтар