Алматыда волейболдан ҚР Кубогы сарапқа салынуда
АЛМАТЫ. Қазанның 12-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыда қазанның 11-нен бастап волейболдан ерлер командаларының арасында ҚР кубогі үшін жарыс өтіп жатыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның волейбол федерациясына сілтеме жасап.
Бүгін болған 2-ші күнгі ойын барысында «ЦСКА-Алматы» мен «Казхром» сынға түсіп, «Казхром» 0:3 есебімен басым түсті. «Ертіс» пен «Есіл» командалары арасындағы ойын 0:3, «Шығыс» пен «Конденсат» 2:3, «Алматы» мен «Атырау» командалары арасындағы ойын 0:3 есебімен аяқталды. Жарыс қазанның 18-не дейін жалғасады.