Алматыда волейболдан қыздар арасындағы жарыс мәреге жетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпрат - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде волейболдан қыздар арасында өткен ҚР жоғары оқу орындары студенттеріның IX Жазғы Универсиадасы аяқталды.
None
None

Бұл туралы оқу орнының Медиа орталығы хабарлады.

Қыздар университетінің мұрындық болуымен алғаш рет ұйымдастырылған сайыстың мақсаты - жастардың денсаулығын нығайтып, спорттық шеберлігін шыңдау және олардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.
null  

Қазан айының 11-16 күндері аралығында өткен жарысқа 16 команда қатысып, бақтары мен баптарын сынады.

Шарада университет ректоры Гаухар Алдамбергенова сөз сөйлеп, жарыстың мән-маңызына тоқталып өтті.
 null 

- Барша азаматтардың денсаулығын нығайту - жарқын болашаққа апаратын алтын сүрлеу десе де болады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында дене шынықтыру мен спортты дамытуға айрықша көңіл бөлу қажеттігіне басымдық берген болатын. Қазіргі таңда осы бағытта ауқымды мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылуда. Жалпы білім беретін орта мектепте жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан жеке тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіліп отыр. Бүгінгі жас ұрпақтың білімді де білікті, сапалы азамат болып жетілуі тәлім-тәрбие беретін ұстазға, ата-анаға, өскен ортасына тікелей байланысты. Сондықтан да болашақ педагог мамандарды даярлайтын ұжымның алдында тұрған басты мәселенің бірі - салауатты өмір салтын насихаттау, - деді Гаухар Төремұратқызы.
null 

Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 1-орынға ие болды. 2-орынды әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті еншілесе, 3-орын Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің командасына бұйырды.

Университет басшылығы спорт бәсекесінде «жүзден - жүйрік, мыңнан - тұлпар» шыққан командалар мен жекелей қатысушыларға Алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табыстады.

Шара соңы Қыздар университетінің «Томирис» би ансамблінің концертіне ұласты.

Соңғы жаңалықтар