Алматыда волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер арасында ел чемпионатының екінші басталды

 АЛМАТЫ. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы «Темір дос» спорт кешенінде  волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасындағы ХХІ Қазақстан чемпионатының екінші тур ойындары басталды.

Алматыда волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер арасында ел чемпионатының екінші басталды

 Алғашқы турдағы 4 кездесуде де жеңіске жеткен «Жетісулықтар» (Талдықорған) турнир кестесінде 11 ұпаймен көш бастап келеді. Олардан 2 ұпайы кем «астаналықтар» - екінші, 6 ұпайы кем «алматылықтар» - үшінші, 8 ұпайы кем «қарағандылықтар» - төртінші, ал 9 ұпайы кем павлодарлықтар («Ертіс-Қазхром») турнир кестесін түйіндеуде. 

5 күнге созылатын бұл сайыс «Астана» мен «Алматы»,  «Ертіс-Қазхром» мен «Қарағанды» командаларының ойынымен басталады. Ал ақтық ойындар 26 желтоқсанда «Қарағанды» мен  «Астана»,  «Алматы» мен «Жетісу» арасында өтеді.