17:29, 08 Ақпан 2011 | GMT +5
Алматыда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 3-туры өтеді
АЛМАТЫ. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыдағы «Темір Дос» спорт кешенінде 11-16 ақпанда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХІХ Қазақстан чемпионатының 3-тур ойындары болады.
Қазіргі кезде турнир кестесіндегі алғашқы 2 турдың қорытындысы бойынша 1-орында 20 ұпаймен «Алматы» командасы тұр. Олардан 4 ұпайы кем Хромтаудың «ТНК Қазхромы» мен Өскеменнің «ТНК Қазхромы» үздік үштікті түйіндеп тұр. Одан кейінгі орындарда 13 ұпаймен «Есіл» (Қызылжар), 13 ұпаймен «Конденсат» (Орал) және 11 ұпаймен «Атырау» (Атырау) келе жатыр. Жалпы екінші турда қызылжарлықтар мен өскемендіктердің матчында ойын тәртібі бұзылғандықтан «ТНК Қазхром» есебіне 3:0 есебімен жеңіліс жазылған еді.
Алматыдағы 3-тур «ТНК Қазхром» мен «Конденсат» арасындағы матчпен басталады. Жарыстың алғашқы күні сондай-ақ, өскемендіктер қызылжарлық, ал алаң қожайындары атыраулық волейболшылармен күш сынасатын болады.