Алматыда волейболдан Ұлттық лигадан ел чемпионатының 5-ші туры өтіп жатыр
АЛМАТЫ. 29 наурыз. ҚазАқпарат - Алматыда волейболдан ерлер арасында Ұлттық лигадағы ХХІ Қазақстан чемпионатының 5-ші тур ойындары өтіп жатыр.
Кеше алғашқы сында Өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылысы» Оралдың «Конденсатына», «атыраулықтар» «есілдіктерге» (Қызылжар) 0:3 есебімен ойсырай ұтылып, ал хромтаулықтар («ТНК Қазхром») «павлодарлықтарға» 2:3 есебімен есе жіберді.
Бүгін «Павлодар» мен «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс», «Конденсат» пен «Атырау», «Алматы» мен «ТНК Қазхром» өзара күш сынасады.
Қазір турнир кестесінде 24 ойыннан кейін «Алматы» 55 ұпаймен көш бастап келе жатыр. Ал олардан 1 ойыны артық хромтаулықтарда - 50, оралдықтарда - 44, атыраулықтарда - 39, павлодарлықтарда - 37, қызылжарлықтарда - 20, өскемендіктерде 16 ұпай бар.