Алматыда волейболдан VI жазғы универсиада ойындары басталды

АЛМАТЫ. 10 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Октябрь Жарығапов атындағы спорт кешенінде волейболдан ерлер командалары арасында VI жазғы универсиада ойындары басталды.
None
None

Оған республиканың облыстарынан 17 жоғары оқу орнының командасы қатысып жатыр.

«15 мамырға дейін созылатын бұл байрақты бәсекеде олар 4 топқа бөлініп өзара сайысқа түседі. Өз тобында топ жарғандар жүлделі орындарды сарапқа салса, екінші орын алғандар 5-8 орындар үшін таласады. Соңғы универсиада ойындарында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің командалары 1-4 орынды өзара бөліскен еді. Биыл оңтүстікқазақстандықтар алғашқы ойында Қызылорда мемлекеттік универсиетенің командасына 2:0 есебімен есе жіберді», - дейді жарыстың бас төрешісі, халықаралық және ұлттық дәрежедегі төреші Людмила Ким. Оның айтуынша, биылғы универсида аса тартысты өтуі мүмкін. Өйткені жүлделі орыннан басты үміткердің қатары биыл жаңа командалармен толығып отыр. Онда ұлттық құрама мен Ұлттық және Жоғары лигада өнер көрсететін ойыншылар бар.

Соңғы жаңалықтар