Алматыда волейболдан XVII «ҚР Президенті кубогы XVII халықаралық турнирі басталды

Ы. Шілденің 6-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда волейболдан ерлер мен әйелдер командалары арасында "ҚР Президенті кубогы" XVII халықаралық турнирі басталды.
None
None

Ол Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында 2011 жылғы VII Қысқы Азия ойындары қарсаңында жүргізілген күрделі жөндеу жұмысынан кейінгі ең алғашқы спорттық сайыс болды. Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін бұл спорт додасында ерлерден - 5 (Иран, Қазақстан, Ресей және Тунис), әйелдерден - 4 (Қазақстан, Қытай мен Украина) командалары қатысуда. Айналым жүйесі бойынша өтетін жарыс әйелдер арасында Украина ұлттық құрамасы мен Қытайдың "Джиангсу" волейбол клубы арасындағы ойынмен басталды. Онда украиндықтар 0:3 есебімен ойсырай ұтылды. Бүгін енді келесі 2 ойын ерлер арасында өтпек. Онда Қазақстанның жастар мен ересектер құрамасы және Тунис пен Иранның ұлттық құрамалары кездеседі деп жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар