Алматыда волейболдан Жоғарғы лигадағы әйелдер командалары арасында ел чемпионатының 2-туры басталды

АЛМАТЫ. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыдағы Октябрь Жарылғапов атындағы спорт залда волейболдан Жоғарғы лигадағы әйелдер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 2-туры басталды.
None
None

Онда алдымен Павлодардың «Қазхромы» мен Өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс», Қарағанды облысының «Қарағанды-2» мен Астананың «Астана-2» командалары кездеспек. Одан кейін «ЦСКА-ВКС» (Алматы) пен «Қазығұрт» (Шымкент), «Грация» (Орал) мен «Жетісу-2» (Алматы облысы), «Иволга» (Қостанай) мен «ҚазЭУ» (Алматы), «Спартак АМТ» (Теміртау) мен «Алматиночка» (Алматы) кездеседі. Екінші тур ойындары 11-желтоқсанға дейін созылады. Бұған дейін Оралда 13-16 қараша күндері алғашқы турда қостанайлықтар барлық ойында жеңіске жетіп, турнир кестесінде көш бастаған болатын.

Соңғы жаңалықтар