Алматыда волейболдан жоғары лигадағы әйелдер командалары арасында 4-ші тур ойындары өтеді

АЛМАТЫ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда наурыздың 3-8 аралығында волейболдан XVII Қазақстан чемпионатының жоғары лигадағы әйелдер командалары арасында 4-ші тур ойындары өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің Октябрь Жарылғапов атындағы спорт залында өтетін бұл шараны Қазақстан Республикасының Волейбол федерациясы ұйымдастырып отыр. Қазір 3 турдың қорытындысы бойынша турнирдің көш басында 34 ұпаймен Теміртау қаласының «Металлург-1» командасы келе жатыр. Екінші орындағы Өскеменнің «Шығыс-КАСУ» командасының одан 3 ұпайы кем. Үздік үштікке 29 ұпаймен тағы бір теміртаулық «Металлург-2» еніп отыр. Олардан 2 ұпайы кем Алматының «Алматы-ЦСКА» командасы төртінші сатыда тұрса, турнир кестесін 14 ұпаймен Шымкенттің «Қазығұрт» командасы түйіндейді. Төртінші турдың алғашқы күні «Алматы-ЦСКА» мен «Грация» (Орал), «Жетісу-2» (Талдықорған) мен Металлург-1», «Шығыс КАСУ» мен «Металлург-2», «Қазығұрт» пен «Астана қанаты-2» командалары кездеседі. Ал соңғы ойындар наурыздың 8-інде «Қазығұрт» пен «Жетісу-2», «Шығыс КАСУ» мен «Алматы-ЦСКА», «Металлург-1» мен «Грация», «Металлург-2» мен «Астана қанаты-2» арасында өтеді.
Соңғы жаңалықтар