Алматыда «Восток» дәмханасы өртеніп кетті
ТАНА. 6 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін түнде ірі өртте Алматы қаласындағы «Восток» дәмханасы толығымен жанып кетті, зардап шеккендер бар.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, Түрксіб ауданы, Гете көшесінде орналасқан дәмхана түнгі сағат 3 жарымда жана бастады. Өртті Алматы қаласы бойынша ТЖД-ның 36 адамы мен 10 техникасы 20 минутта тоқтатып, екі сағаттан кейін толығымен ауыздықтай алды.
Жалын барлығы 400 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт орнында 25 жастағы азамат қолынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.