Алматыда XI жапон киносы фестивалі өтеді

АЛМАТЫ. 12 ақпан. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Алматыдағы «Цезарь» кинотеатрында 25-27 ақпан аралығында XI жапон киносы фестивалі өтеді.
None
None

Бұл фестиваль бағдарламасында жапон кино өнерінің соңғы 15 жылдағы ең үздік туындылары көрсетілмек. Шараның мақсаты әлемде жоғары бағаға ие жапон киноларын әр қырынан таныту.

«Әрқашан: Үшінші Авенью күнбатысы» фильмі 1950 жылдардағы Токио жағдайын суреттейді. Ал «Ғажайып жаз» киносы жапон аңыздары мен қазіргі уақытты бейнелесе, Оскар жүлдесінің иегері «Кеткендер» фильмі отбасы мен олардың өзара қарым-қатынастары туралы, «Линда, Линда, Линда» - бір-бірін демеп жүретін мектептегі достықты сөз етеді. Ал «Ханаби» фильмі шынайы сезімдер жайлы баяндайтын кино.

Соңғы жаңалықтар