Алматыда «XXI - ядросыз ғасыр» атты халықаралық конференция өтеді

АЛМАТЫ. Мамырдың 16-сы ҚазАқпарат - /Таңжарық Ілиясұлы/ - Мамырдың 18-і күні Лермонтов атындағы орыс драма театрында «Невада-Семей» қозғалысының 20 жылдығына арналған конференция өткізілмекші,

Алматыда «XXI - ядросыз ғасыр» атты халықаралық конференция өтеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы осы қоғамдық бірлестіктің ғылыми хатшысы Людмила Прус мәлімдеді.Танымал ақын және қоғам қайраткері, қозғалыс көшбасшысы Олжас Сүлейменовтің төрағалығымен өтетін отырыста халықаралық ядроға қарсы қозғалыстың осы жылдардағы қызметінің қорытындысы шығарылады, оның одан әрі міндеттері, маңызды экологиялық мәселелер, бүкіл Жер үстінде ядросыз әлем құрудың жолдары талқыланады. Сарапшылар Қазақстанды әлемдік ядроға қарсы қозғалыстың көшбасшысы және «бейбітшіліктің кіндігі» деп санайды. ЮНЕСКО-ның шешімімен «Невада-Семей» қозғалысы адамзат алдында сіңірген қызметі үшін «Әлем ескерткіші» бүкіләлемдік тізіліміне енгізілген.