Алматыда «Ы. Алтынсарин - 2016» пәндік олимпиадасының жеңімпаздары анықталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Биыл ақпан айының соңында еліміз бойынша «Ы. Алтынсарин - 2016» пәндік олимпиадасы өткізілген болатын. Білім сайысының қорытындысы шықты. Осыған байланысты, Алматыда Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде республикалық «Ы. Алтынсарин - 2016» пәндік Олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды. Бұл туралы аталған жоғары оқу орнының баспасөз қызметінен хабарлады.
Олимпиаданың марапаттау рәсімін университет ректоры Динар Нөкетаева ашып, барша жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтады.
«Биыл республикалық деңгейде өткен «Ы. Алтынсарин-2016» пәндік олимпиадасына еліміздің барлық облыстарынан 3500-ге жуық оқушылар қатысты. 600-ге жуық қатысушы олимпиаданың деңгейінен өтіп, ҚазМемҚызПУ-нің оқу төлемақысына 10% жеңілдік құқығына ие болса, ректор грантына 24 оқушы ие болды», - деді Д. Нөкетаева.
Оқу орнының басшысы мектеп түлектеріне І дәрежелі дипломдарды табыс етті. Ал, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарды оқу орынның Бірінші проректоры Баходир Әлиев пен оқу ісі жөніндегі проректор Әділет Тойбаев табыстады.
Шара барысында Қыздар университетінің «Қос ипломды білім беру бағдарламасы» бойынша Миссисипи мемлекеттік университетін бітірген түлегі Севара Шахапова сөз сөйлеп, жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтады.
«Мектепте оқып жүргенде шет елде оқимын деген арман үш ұйықтасам түсіме кірмеген еді. Алдыңа мақсат қойсаң бәрі де мүмкін екен. Екі диплом алуға мүмкіндік жасаға киелі қара шаңыраққа алғысым шексіз.
«Талпынған - жетер мұратқа» демекші, жақсы оқысаңыздар, талпынсаңыздар арман, мақсаттарыңызға жете аласыздар», - деді қазіргі таңда Назарбаев зияткерлік мектебінде ұстаз болып жүрген университет түлегі С. Шахапова.
Шара қонақтары университеттің кампустарын, кітапхана мен спорт кешендерін аралап көріп, әр мамандық туралы, ұсынылатын жеңілдіктер туралы толық мағлұмат алды. Сондай-ақ, Наурыз мерекесіне арнап жайылған дастарханнан дәм татып, арнайы дайындалған көрме мен Наурыз мерекесіне арналған концерттік бағдарламаны тамашалады.
Айта кетелік, орта мектептердің 11-ші сыныбының оқушы қыздары қатысып, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, физика, биология, география, дүниежүзі тарихы және химия пәндері бойынша бақтарын сынаған еді.
Әр пәнінен 1, 2, 3 орынды иеленген оқушы өзінің таңдаған пәні мамандығына сай келсе және ҰБТ-ға қажетті өту балын алған жағдайда шәкіртақысыз университет ректорының грантына ие болады. Ал, жүлделі орын алмағандарға, бірақ Олимпиаданың деңгейінен өткендерге ҚазМемҚызПУ-ға бірінші кезекте қабылдануға құқық беретін сертификаттар табыс етіліп, оқуға түсуге 10% жеңілдік жасалады. Олимпиада жұмысының максималды көрсеткіші - 100 балл.
Сонымен, биыл жеңімпаз атанған 24 оқушының тізімі төмендегідей:
|
№ |
Аты-жөні |
Облыс, қала, мектебі |
|
География |
||
|
Орынбасарова Мадина Жанабаевна |
Қызылорда қаласы, №7 орта мектеп |
|
|
Оңғар Алуа Ханатқызы |
Қызылорда қаласы, №7 орта мектеп |
|
|
Нұрмаханбет Айдана Маликқызы |
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Д. Қонаев атындағы №1 мектеп-гимназия |
|
|
Дүние жүзі тарихы |
||
|
Амангелдиева Наргиз Қанатқызы |
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Шаған ауылы, №37 орта мектеп |
|
|
Иличкина Дарья Алексеевна |
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, А. Пушкин атындағы №7 орта мектеп |
|
|
Шакарманова Ұлмекен Мұхтарқызы |
Қызылорда қаласы, №261 орта мектеп |
|
|
Биология |
||
|
Нарманова Ләззат Арыстанбекқызы |
Қызылорда қаласы, И.В. Панфилов атындағы №5 мектеп-лицей |
|
|
Ерболатова Эльвира Еркінқызы |
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Б. Бегалиев атындағы жалпы орта мектеп |
|
|
Кенжебай Әсел Сейілханқызы |
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №266 мектеп-лицей |
|
|
Физика |
||
|
Пернебек Тоғжан Еркінқызы |
ОҚО, Қазығұрт ауданы, Ж. Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты |
|
|
Тлепбаева Молдир Маратовна |
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Б. Бөлтірікова атындағы №4 орта мектеп |
|
|
Дарменова Айгерим Уралбаевна |
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Б. Бөлтірікова атындағы №4 орта мектеп |
|
|
Химия |
||
|
Сағынова Арайлым Ғабитқызы |
Атырау қаласы, С. Мұқанов атындағы №10 орта мектеп |
|
|
Муса Айдана Бектұрқызы |
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Д. Қонаев атындағы №1 мектеп-гимназия |
|
|
Жолдан Аружан Асанқызы |
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ш. Сымаханұлы атындағы орта мектеп |
|
|
Ағылшын тілі |
||
|
Тусупова Гаухар Казбеккызы |
Тараз қаласы, Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-интернаты |
|
|
Тлеуқұл Аружан Бауыржанқызы |
Тараз қаласы, Ы. Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназия |
|
|
Қайсар Нарқыз Ерболқызы |
Қызылорда қаласы, Қ. Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназия |
|
|
Қазақ тілі мен әдебиеті |
||
|
Жаримбетова Сулухан Берікқызы |
Тараз қаласы, И.В. Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназия |
|
|
Жақан Мөлдір Нұрланқызы |
Қарағанды қаласы, С. Саттаров атындағы №57 мектеп-лицей |
|
|
Әмерқұл Нұрай Майданқызы |
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Б. Бөлтірікова атындағы №4 орта мектеп |
|
|
Орыс тілі мен әдебиеті |
||
|
Долгих Дарья Александровна |
ШҚО, Бородулиха ауданы, Жезкент ауылы, «Жезкент» лицейі |
|
|
Каливошкина Дарья Владимировна |
ШҚО, Семей қаласы, №10 жалпы білім беретін орта мектеп |
|
|
Жалғасбаева Динара Маратқызы |
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Т. Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей |
|