Алматыда ядролық және радиациялық физика жөніндегі VII халықаралық конференция өтуде

АЛМАТЫ.  Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда «Ядролық және радиациялық физика» атты халықаралық VII конференция басталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараны Ислам банкінің демеушілігімен ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК және ҚР Ұлттық ядролық орталығы ұйымдастырған. Конференция дәстүрлі түрде Ядролық физика институтында өтуде. Шараға әлемнің 19 елінен 208 өкіл қатысуда. Конференцияда атом энергетикасын бейбіт мақсатқа пайдалану, ядроны таратпау мәселелері сөз болуда.Сондай-ақ ҚР атом энергетикасы саласын дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған бағдарламасына және онымен байланысты ҚР атом стансыларын салудың, ядролық отын циклын дамытудың стратегиясы мен тактикасы мәселесіне баса көңіл бөлінбек. Конференция барысында Қазақстан мен Жапония ғалымдары Қазақстанда жоғары температуралы газбен салқындатылған реактор салу келешегін талқылмақ.

Конференцияның ертеңгі күнінде Ұлттық ядролық орталықтың қызмет аясына кіретін Семей сынақ полигоны, оның қазіргі жай-күйі, сырттан келген мамандардың қатысуымен аймақты зерттеу, радиациялық қауіпсіздікті бақылау және ядролық сәуле шығаруды өлшеуші аспаптардың жаңа буынын шығару мәселелеріне арналған дөңгелек үстел мәжілісі өтеді. Конференцияда Қазақстандық мамандар өткен конференцияларда талқыланған жобалардың алғашқы нәтижелері туралы баяндама жасайды.

Өткен конференциялар қорытындысы бойынша елімізде Курчатов қаласында радиациялық технологиялар кешені пайдалануға енгізілген. Астанадағы Республикалық диагностика орталығында Орталық Азиядағы алғашқы позитронды эмиссиялық диагностика бөлімшесі құрылған.Алматыдағы ҚР ҰЯО негізінде Ядролық медицина және диагностика орталығын салу, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ «Ядролық физика жаңа материалдар және технологиялар» халықаралық кафедрасын құру қолға алынған.

Конференцияның жұмысы 11 қыркүйекке дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар