Алматыда заманауи экономиканың БАҚ-тағы мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтуде

АЛМАТЫ. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Алматыдағы «Тұран» университетінің ғимаратында «Қазіргі заманғы экономиканың Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты мәселелері» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтуде,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жиында «Тұран» университеті мен басқа да жоғары оқу орындарының экономист-ғалымдары, БАҚ өкілдерімен бірлесе, әлемдік экономика дағдарысына орай туындаған елдегі бірқатар мәселелерді халыққа жеткізу жайын талқыға салуда. Соның ішінде, экономиканың жетістіктерін, сәтсіздіктерін және шешілмей қалған мәселелерін ақпарат құралдарында жариялауға, басылым беттерінде жазылып жатқан сараптамалық материалдарға баға беруге қатысты ой-пікірлер ортаға салынады. Бұған қоса, жаһандық экономика дағдарысы арқылы пайда болған бірқатар үрдістерді халыққа түсіндірудегі БАҚ рөлі жайында әңгіме қозғалмақ. Дөңгелек үстелде айтылған ой-пікірлердің ішінде, экономика, қаржы және банк ісі саласындағы, терминдерді халыққа түсінікті етіп жеткізу мәселесіне баса назар аударылды. «Айт Park» клубының жетекшісі ? Нұрлан Ерімбетовтың айтуынша, бүгінгі таңда айтылып жүрген кейбір сөздердің мағынасы ашыла бермейді. «Экономика саласындағы журналистер бірінші кезекте түсініксіз терминдердің мәнін халыққа жеткізе білулері керек. Қазірде банк саласында көптеген кірме, шетелдік ұғымдағы сөздер көбейіп кетті. Оларды оқырмандар үшін қарапайым тілмен, ұғынықты етіп жазған дұрыс. Себебі, өзіне түсініксіз терминді естіген немесе оқыған қарапайым адамның психологиясында үрей, қауіп-қатер туындауы мүмкін. Сондықтан экомистердің тіліне баса назар аудару ? журналистердің басты міндеттерінің бірі», дейді Н. Ерімбетов.
Соңғы жаңалықтар