Алматыда заңсыз бейне және аудиоөнімдер шығарумен айналысқан азамат ұсталды

АЛМАТЫ. Сәуірдің 24-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыда заңсыз бейне және аудиоөнімдер шығарып келген цехтың жұмысы тоқтатылды,


Алматыда заңсыз бейне және аудиоөнімдер шығарумен айналысқан азамат ұсталды
деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ІІД-нің тіл саясаты және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.Алмалы ауданындағы Рахманинов көшесі бойында орналасып, заңсыз өнім шығарумен айналысып келген цехтың иесі 29 жасар Жамбыл облысының тұрғыны болып шықты. Оның заңсыз өнімдер шығаруына 2 жерлесі көмектесіп отырған. «Ұсталған кезінде одан 2 мыңнан астам сатылуға дайындалып қойылған дайын дискілер тәркіленді. Олардың арасында кинотеатрларға енді шыға бастаған «Форсаж-4», «Тарас Бульба» сияқты фильмдер бар. Оның өнімдерін «Тастақ», «Сарыарқа» базарларындағы сатушылар алып отырған», дейді ІІД криминалдық полиция басқармасы «К» бөлімінің бастығы, майор Александр Нежинский. Оның айтуынша, тәркілеу барысында дайын өнімдермен қатар дискілерді көшіруге арналған 3 жүйелік блок пен DVD жабдықтар анықталған. Қазір бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеру жүргізілуде.