Алматыда заңсыз дүңгіршектер сүріліп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы әкімдігінің хабарлауынша, қалада бүгінгі күнге дейін заңсыз орнатылған 1000-ға жуық дүңгіршектер сүріліп тасталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда заңсыз дүңгіршектер сүріліп жатыр

Стационарлық емес заңсыз сауда нысандарын бұзу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Сонымен қатар, қайта жөндеуді қажет етіп тұрған дүңгіршектер де анықталды. Талап бойынша, дүңгіршектің тиісті құжаттары жоқ болған жағдайда және қаланы абаттандыру ережесіне сәйкес болмағанда, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес болмағанда оны сүріп тастау туралы шешім қабылданады.

«Бұл бизнес иелері көрсетіліп отырған қызмет түрлері талапқа сәйкес еместігімен келісіп, оны қайта монтаждау жұмыстарын жүргізуге өз еріктерімен келісіп отыр. Басты назар, донер және тез әзірленетін тамақтар дайындайтын дүңгіршектерде, себебі олар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмей, қала тұрғындары мен қонақтарының денсаулықтарына да кері әсер етеді», - дейді қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасынан.

Қалалық әкімдіктің айтуынша, 2017 жылдан бері 1100 дүңгіршек сүрілді. Осы уақыт аралығында барлығы 1450 дүңгіршек анықталған. Қалған 350-дің 150-і қайта орнатылған болса, оның 200 дөңгелек жөндеу орындары.