Алматыда заңсыз қолдан жасалатын дәрілерге қарсы күресуге араналған семинар өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 28 сәуір. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыда «Дәрілік заттарды фальсификациялауға қарсы күрес. Халықаралық тәжірибе» атты білім беру семинар-тренингі өтіп жатыр.
None
None

Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, заңсыз жасалғана медициналық өнім мәселесі Қазақстанды ғана емес, дүние жүзінің барлық елдерін алаңдатып, науқастардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруде. «ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен 2011 жылы атқарылып жатқан бағдарламаларының ішіндегі басты бағыттарының бірі елді сапалы, әрі қол жетімді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. Науқастардың сапалы дәріні қабылдауы, олардың тез жазылуына әкелетіні сөзсіз. Сондықтан қолдан заңсыз жасалып, тарап жатқан дәрі-дәрмекпен күресті күшейту мақсатында бүгінгі шараны ұйымдастырып отырмыз», -дейді ҚР Денсаулық сақтау минстрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасының орынбасары Лариса Пак.

Сәуірдің 29-ына дейін жалғасатын семинар барысында қатысушылар мемлекетаралық, халықаралық, тәртіпаралық шоғырланған күш салысу мен фармацевтикалық нарықтың денсаулық сақтау органдары, емдік дәрі-дәрмектердің сапасын бақылау органдары, кедендік бақылау органдары, ішкі істер органдары мен фармацевтикалық өндірушілердің қатысуымен жасанды өнімнің таралуына қарсыласу бойынша кешенді шараларды қабылдау мәселелері қаралып, өз ойларымен бөлісуде.

Аталған шараға Интерпол, ҚР халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының өкілдері, кедендік бақылау, қаржы полициясының өкілдері мен халықаралық сарапшылар және Сеченов атындағы МММУ-нің профессорлары қатысуда.

Соңғы жаңалықтар