Алматыда заңсыз жүрген 600-ден астам шетелдік ұсталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Мигрант» операциясының барысында полиция Алматыда заңсыз жүрген 670 шетел азаматын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Шетел азаматтарына қатысты «әкімшілік хаттама толтырылып, енді оларды ел аумағынан шығару мәселесі қаралады. Аталмыш азаматтарды елге кіргізуге қолғабыс еткен 70-тен астам, сондай-ақ жергілікті биліктің рұқсатынсыз шетелдіктердің жұмыс күшін пайдаланған 20 Қазақстан азаматы жауапқа тартылды»,-деп хабарлады Алматы қалалық ІІД-нің миграциялық қызмет басқармасының штаб бастығы Манас Әбуов.
Бұған қоса, Алматының миграциялық полиция қызметі ҚР ҚК-нің 393 бабы бойынша «Елден шығару туралы шешімді орындамау»10 сотқа дейінгі тергеу істерін, сондай-ақ мемлекеттік шекарадан заңсыз өту, заңсыз көші-қонды ұйымдастыру сияқты істерді тіркеді.