Алматыда зауыттан өрт шықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Мұқағали Мақатаев көшесінде орналасқан 3 қабатты ғимараттан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Аталған ғимарат «Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ-ға тиесілі болып шықты.

Қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, өрт туралы хабарлама түскі 14:42 де түскен.

«Ғимараттың 2-қабатындағы тауарлар мен материалдар өртенгені анықталды. Тілсіз жау 60 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт сөндірушілер түгел ғимаратты қарап шықты. Төтенше жағдай кезінде адамдар болған жоқ. 15:20 да өрт толық сөндірілді», - деді С. Баймұхамбетова.

Соңғы жаңалықтар