Алматыда «ZETA» ЖШС-ның жаңадан салынып жатқан ғимаратында ірі өрт болды

ТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - Алматы қаласында жекеменшік кәсіпкердің жаңадан салынып жатқан нысанында ірі өрт болды.

Алматыда «ZETA»  ЖШС-ның жаңадан салынып жатқан ғимаратында ірі өрт болды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен анықтағандай, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт 6 қараша күні кешқұрым Жетісу ауданындағы«ZETA» ЖШС-ның жаңадан бой көтеріп жатқан екі қабатты ғимаратының шатырынан тұтанған.

ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 70 адамы мен 18 техникасы тілсіз жауды бір жарым сағаттың ішінде толығымен ауыздықтады.

Жалынның шарпыған жалпы аумағы 280 шаршы метрді құрады.