Алматыда зейнеткер жол бойындағы шұңқырға құлап кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 77 жастағы зейнеткер жол бойында қазылған шұңқырға түсіп кетті. Қария 2 күннен соң алған жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда зейнеткер жол бойындағы шұңқырға құлап кетті

Қалалық ІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға 9 тамызда Әуезов ауданындағы  «Достық» шағын ауданында болған.

«Іс материалдарына сәйкес, 77 жастағы ер адам жөндеу жұмыстарына қазылған шұңқырға құлап кеткен. Алған жарақатынан қария 2 күн өткен соң №7 қалалық ауруханасында қаза болды. Аталған дерек ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу ісі тізіліміне тіркелді», - деді баспасөз қызметінен.

Әуезов аудандық ІІБ тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Оқиға орнында «Алвис» ЖШС мердігерлік ұйымы жөндеу жұмыстарымен айналысып жатқан.