Алматыда зейнеткерлер арасында бильярдтан ел чемпионаты өтті

АЛМАТЫ. 28 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда бильярдтың «Құрастырмалы пирамида» түрінен зейнеткерлер арасында 10 Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті.
None
None

26 сәуір күні «Бастау» бильярд клубында жалауын көтерген бұл бәсекеге Алматы, Көкшетау, Қостанай және Шымкент қалаларынан 30 спортшы қатысты. Олар жас ерекшелігіне қарай 63-74 жастағылар, 75 жастан жоғарғылар болып екі топқа жіктелді. Бильярд спортын дамыту және насихаттау, осы арқылы зейнеткерлердің арасындағы байланысты нығайту мен дамыту мақсатындағы бұл турнир үздік спортшыларды анықтауға бағытталған. Оны Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті мен Қазақстанның Бильярд спорты федерациясы бірігіп ұйымдастырды. Бұл жолы 75 жастан жоғарғылар арасында Абдуғай Бекжанов (Шымкент 1936 ж.т.) чемпион атанса, Геннадий Шахов (Алматы 1934 ж.т.) пен Керім Даурбаев ( Шымкент 1936 ж.т.) жүлдегер атанды. Ал 63-74 жастағылар арасында ақтық сында көкшетаулық Марат Досқожиннен басым түскен шымкенттік Абай Ахметов (екеуі де 1944 ж.т.) жеңімпаз атанды. Ал оның жерлесі Георгий Пак (1948 ж.т.) қола жүлденің иесі болды.

Соңғы жаңалықтар