Алматыда жағажай волейболынан Қазақстан чемпионатының 2-тур ойындары өтті

АЛМАТЫ. 27 маусым. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 24- 25 маусымда жағажай волейболынан Қазақстан чемпионатының ІІ тур ойындары болды.

Алматыда жағажай волейболынан Қазақстан чемпионатының 2-тур ойындары өтті

Оған әйелдер арасында - 6, ерлер арасында 11 команда қатысты. Әйелдер арасында Ирина Цимбалова мен Татьяна Машкова Кристина Романтеева мен Олеся Игнатчикті 2:0 есебімен ұтып турнир жеңімпазы атанды. Қола жүлде үшін болған Марина Моисеева мен Сабина Махмутованың және Нелли Перевертова мен Татьяна Десятникованың арасындағы ойында да дәл осындай есеп тіркелді. Ерлер арасындағы сайыста да Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов Денис Ровкин мен Алексей Сидоренконы 2:0 есебімен ойсырата ұтып, турнир кестесінде көш бастады. Ал Сергей Ползиков пен Михаил Перевертов қола жүлдегер атанды.