Алматыда жағдайы ауыр 15 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 673 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16 қараша күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 128 адам коронавирус жұқтырған.
Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 123, симптомсыз – 5 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шыққандар – 78, келіп түскені – 93.
«Инфекциялық стационарларда 673 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –1774), оның ішінде 17 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 78 адам жатыр.
Ал 15 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 41 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 15 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1177 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері ба орташа ауыр жағдайда – 1113 науқас. 64 адамда коронавирус белгілері жоқ.