Алматыда жаһандық жылыну мәселелеріне арналған акция өтті

АЛМАТЫ. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ - Үстіміздегі жылғы қазанның 24-де  әлемнің барлық ірі қалаларында жаһандық климаттың өзгеруіне көпшілік назарын аудартуды мақсат тұтқан  «350» акциясы өтті. Бұл шарадан Алматы қаласы да шет қалмады.
None
None

 Көктөбе бағында «Біз 350 үшін» деген тақырыппен ірі көлемде жастар акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 350.org климаттық өзгерістер қозғалысының Жаһандық күніне арналған шараға Алматының 400-дей студенті қатысты. Жастардың осылай бас қосуындағы басты мақсат - биылғы жылдың желтоқсан айында Копенгаген қаласында ауа-райының өзгеруіне байланысты өтетін саммитте көшбасшы елдердің президенттерін аталған мәселе бойынша оң шешімдер қабылдауға шақыру.

Бұл шараның оңтүстік астанада өтуіне Greens.kz қозғалысы мұрындық болды. Ал Көктебеде ұйымдастырылуы да бекер таңдалған жоқ. Бұл Алматыдағы ең экологиялық таза орын болып есептеледі. Жиналған жастар тізбектеліп, өз денелерімен қозғалыстың символы - 350 санын өрнектеп шығарды. Бұл көрініс 350.org жаһандық қозғалысының сайтында жарияланды және бүкіл әлемнен келіп түскен осындай 5000 суреттің ішінен ең үздік 20 фотосуреттің қатарына ілігіп, акция шеңберінде Нью-Йорктің көшелеріндегі үлкен мониторларында көрсетілді.

 Шара аясында ең үздік «Біз 350 үшін» жолдауына байқау жарияланды. Жиынға қала әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов пен Көктөбенің әкімшілік өкілдері де тікелей атсалысты. 

Соңғы жаңалықтар