00:30, 01 Қазан 2017 | GMT +5
Алматыда жалға берілетін лимузиндер өртеніп кете жаздады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жекеменшік тұрғын үйдің ауласында тұрған лимузиндер өртеніп кете жаздады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Оқиға Бөгенбай батыр, 45 мекенжайында болды. Анықталғандай, жекеменшік үйдің ауласында гараж іспетті шаруашылық нысан орналасқан. Оны иелері той кортеждерін жалға беру салоны ретінде пайдаланған. Қымбат үш лимузиннің бірі қатты зардап шеккен.
«101» нөміріне хабар түскеннен кейін оқиға орнына бірнеше өрт сөндіру бригадасы жеткен. Тілсіз жау 80 шаршы метр аумақты шарпыды. Зардап шеккендер жоқ.
Видео: patrul.kz сайтынан