Алматыда жалған ақша жасаумен айналысқан екі адам сотталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жалған ақша жасаушылар ұсталды. Ұсталған екеудің бірі - 5 жыл, екіншісі 3 жыл 6 айға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық мониторингі комитетінің мәліметіне қарағанда, күдіктілер Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында номиналы 10 000 теңге болатын жалған банкноталарды дайындау және өткізумен айналысқан. Жақында екі тұлғадан құралған қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқталды.

Тексеру шараларын жүргізу барысында бір топ тұлғаның алдын-ала келісім бойынша өткізу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жалған банкноталарын дайындайтын астыртын цехты ұйымдастырғаны анықталды.

Жалған ақша дайындайтын цех ретінде жабдықталған пәтерді тінту барысында ноутбук, түрлі-түсті принтер, сутаңбасы бар арнайы қағаз, бояу флакондары, екі жағында 10000 теңгелік суреттері (бланкілері) бар сандық файлдар, банкнот пен ою-өрнектің орнын алмастыратын фольгадан жасалған ленталар, кеңсе тауарлары және құны 220 000 теңгені құрайтын жалған қағаз ақша тәркіленіп алынды.

«Сот үкімімен айыпталушылар ҚР ҚК 231 бабының 2-б. сәйкес (жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу) кінәлі деп танылып, астыртын цех ұйымдастырушылардың біріншісіне 5 жыл, екіншісіне 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар
telegram