Алматыда жалған дәрі-дәрмек туралы халықаралық конференция өтеді
АЛМАТЫ. 30 наурыз. ҚазАқпарат - Алматыда 5-6 сәуір күндері «Фармалогиялық бақылау және жалған дәрі-дәрмек құралдары» деп аталатын ІІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болады.
Оны ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті мен «Дәрі-дәрмек құралдары мен медицинада тағайындалған бұйымдар мен техникаларды сараптаудың ұлттық орталығы бірлесіп ұйымдастырып отыр.
Бұл шара халықты тиімді, қауіпсіз және сапалы емдеу препараттарымен қамтамамасыз ету мақсатында фармакологиялық бақылауды одан ары жетілдіруге күш біріктіріп, жалған медициналық өнімдермен күрес шараларын қабылдауға мүмкіндік береді. Оған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, ТМД елдерінің реттеу органдарының өкілдері, тәжірибелік медицина және клиникалық фармакология, формулярлық жүйе, фармация мен отандық және шетелдік фармацевтикалық фирмалардың жетекші мамандары шақырылып отыр.