Алматыда жалған кәсіпкер мемлекетке 144 миллионнан астам теңге шығын келтірген - қаржы полициясы

АЛМАТЫ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат - Алматыда кәсіпкер төрт жалған кәсіпорын құрып, мемлекетке 144 миллионнан астам теңгенің шығынын келтірген,

Алматыда    жалған  кәсіпкер  мемлекетке  144 миллионнан астам теңге  шығын  келтірген  - қаржы полициясы

деп хабарлайды Алматы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінен.

Б., деген кәсіпкер «Самал ХХІ ғасыр», «Мадияр 2003», «Тараз-Байтерек Group» және «Әлем Эксклюзив Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестерін құрған. Әлгі азаматтың салық төлемеу түрінде мемлекетке келтірген шығыны 144,1 миллион теңгені құрап отыр. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 192-ші бабы бойынша (жалған кәсіпкерлік) қылмыстық іс қозғалып отыр, деп хабарлады департаменттен.