14:27, 30 Қаңтар 2009 | GMT +5
Алматыда жалған кәсіпкерлер ұсталды
АЛМАТЫ. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат - Алматы қалалық экономикалық қылмыстар және жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Ц.П. және С. есімді азаматтарға қарсы жалған кәсіпорындар құрғаны үшін қылмыстық іс қозғады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған азаматтар салықтан жалтару үшін және басқа да мақсаттармен «МегаИнтерРесурс», «AVISENA UNAT», «IFC capital» ЖШС-терін тіркетіп, олар арқылы ақша аударып отырған.Бұнымен мемлекетке 680 902 517 теңге шығын келтірген.