Алматыда жалған құжаттармен ипотекалық несие алған алаяқтар тобы сотталды

АЛМАТЫ. Наурыздың 29-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыдағы Медеу аудандық соты Қазкоммерцбанктен жалған құжаттар арқылы ипотекалық несие алған алаяқтар тобына айыптау үкімін шығарды,

Алматыда жалған құжаттармен ипотекалық несие алған алаяқтар тобы сотталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазкоммерцбанкке қатысты алаяқтық туралы бұл іс бойынша 2 күдікті жауапқа тартылды. Сот олардың әрекетін алдын-ала келісім бойынша жасанды ресми құжаттармен топ боп жасалған ірі көлемдегі алаяқтық деп таныды. Күдіктілердің кінәсі толық дәлелденіп, әрқайсысына 5,5 жылдан бас бостандықтарынан айырып, мүліктерін тәркілеуге және 524 миллион теңге көлеміндегі материалдық шығынды төлеуге үкім шығарды.

2007 жылдың көктемінде жалған құжаттармен қылмыстық топ банктің Алматыдағы филиалынан мүлік сатып алуға ірі көлемде заңсыз несие алған. Алғашқы тексеру кезінде олардың ұсынған құжаттары барлық мемлекеттік стандарттарға сәйкес және құзырлы бақылаушы- қадағалаушы органдарда тіркелгенін көрсетті. Алаяқтар бастапқыда несиені жұмыс істеп тұрған шағын бизнес нысандарын сатып алуға пайдаланған. Алайда банктің қауіпсіздік қызметінің мәселені заемшыларға қатысты тексерулері кезінде олар ұсынған құжаттардың жалғандығы және қаражаттың алаяқтық жолмен алынғаны мәлім болады. Осыған орай қылмыстық топтың қатысушылары 2009 жылғы мамырдың 14-інде тұтқындалып, тергеу изоляторына қамалған.