Алматыда жалған мемлекеттік нөмір тағып жүрген көлік ұсталды
«Көлік солтүстікке қарай жылжып бара жатқан. Инспекторлар көліктің мемлекеттік нөмірінің жалған екенін байқап қалды. Жүргізушінің өзі шын нөмір өзінің гаражында екенін айтқан. Алайда, әртіп сақшылары ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 590 бабының 4-ші және 5-ші бөліктерімен қарастырылған құқықбұзушылық жөнінде әкімшілік хаттама толтырды. Аталған іс тиісті шешім қабылдау үшін арнайы мамандандырылған әкімшілік сотына жолданады. Көлік арнайы тұраққа қойылды»,-деді Алматы қалалық Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.
Депарламент өкілдері сонымен қатар осы күндері Алматының жолдарында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолда жүру ережесін өрескел бұзу әрекеттерінің жолын кесуге бағытталған кең ауқымды сауықтыру операциясы жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Ал суретке қарағанда мемлекеттік «AV» сериясы жалған нөмір болып отыр.
Осыған дейін Алматыда қылмыс жиі болатын түнгі клубтардың тізімін жарияладық.