Алматыда жалған терроршы ұсталды

 АЛМАТЫ. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматылық полиция қызметкерлері «жалған терроршыны» ұстады,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Биылғы жылдың наурыз айында полицияға Алматы қалалық стоматологиялық колледждің директоры хабарласып, белгісіз ер адамның оқу бөліміне қоңырау шалып, жарылғыш зат қойылды деген хабарын айтқан. Оқиға орнына полицияның барлық құрылымдары жеткізіліп, ғимараттан 235 адам сыртқа шығарылған. Төтенше жағдайлар бөлімі мамандарының тексеру нәтижесінде, жарылғыш заттың қойылуы жалған болып шыққан. Бірнеше айға созылған іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Алматылық полиция қызметерлері  36 жасар Д.есімді азаматты құрықтады. Анықталғандай, Д. бұрын 2 рет ұрлық үшін сотталған болып шықты. Бұл жолы оған ҚР Қылмыстық кодексінің 242 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша айыпталушыға 3 жылға дейін жаза көзделген.

Соңғы жаңалықтар