Алматыда жаңа 4 отбасылық-дәрігерлік амбулатория салынып жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мегаполисте төрт отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүріп жатыр. Бұл туралы қалалық мәслихаттың VI сессиясында Алматы қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«4 отбасылық-дәрігерлік амбулатория ғимаратының құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде Алатау ауданының «Саялы», «Қарасу» және Жетісу ауданының «Кемел», Түрксіб ауданының «Нұршашқан» ықшамауданының тұрғындары сапалы дәрігерлік көмек алатын болады», - деді ол.
Сонымен қатар, Бостандық ауданында балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы ғимаратының құрылысы жүріп жатыр. Қалалық кардиология орталығы күрделі жөндеуден өтті. Сондай-ақ, Жетісу ауданында орналасқан №11 емхана ғимаратын сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
«Көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсарту аясында 2022 жылы қаланың медициналық ұйымдарына 726 бірлік медициналық жабдық және 6 мұздатқыш камера сатып алынды»,- 3еп атап өтті Қанат Сухамбеков.