Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 30 желтоқсанан бастап №55 жаңа автобус бағыты ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады

Жаңа бағыт қалаға қосылған елдімекендерде тұратындарды қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында ашылып отыр.

«Ол Абай даңғылы бойымен Өтеген батыр көшесінен Алатау көшесіне дейін жүреді, содан кейін төмен қарай Ташкент трактіне дейін барып, онда оңға бұрылады. «Молл Апорт» СОО аялдамасынан кері бұрылып,Ташкент тракті бойымен қозғалады. Бұдан әрі «Алтын орда базары» аялдамасынан қайта бұрылып, Барлық базарына кіреді»,- делінген Алматы қалалық мобильділік басқармасы таратқан хабарламада.

Бастапқыда маршрутта 7 автобус қызмет көрсетеді, кейіннен жолаушылар ағымына қарай бірлік саны арттылатын болады.