18:57, 15 Қараша 2022 | GMT +5
Алматыда жаңа автобустар жолға шығады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру үшін 16 қарашадан бастап №14 маршрутқа 15 жаңа автобус шығарылатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, соңғы айларда аталған маршрутта жоспарлы шығу 30-40%-ға дейін төмендеп кетті. Сол себепті қызмет көрсетуді басқа тасымалдаушы компанияға беру туралы шешім қабылданды.
«16 қарашадан бастап №14 маршрутқа 15 жаңа автобус шығарылатын болады. Алдағы уақытта оның санын 18-ге жеткізу жоспарда. Басқарма қызмет көрсету сапасын жақсартып, жүріс жиілігін арттыру бағытында бірқатар шара қабылдап жатыр. Маршруттарда туындаған мәселелер кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады»,- деп хабарлады басқармадан.
Бұған дейін Алматы әкімдігі жолаушылар тасымалдайтын үш компаниямен соттасып жатқаны туралы жазған едік.