Алматыда жаңа автобустар жолға шықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «ЛиАЗ» маркалы жаңа автобустар №103 бағыты бойынша жолға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда жаңа автобустар жолға шықты

Алматыда  қоғамдық көлік жүйесін ЭЫДҰ стандарттарына сай  жақсарту мақсатында қозғалмалы құрамды жаңарту одан әрі жалғасуда.

Қала әкімі Бауыржан Байбек  №103 бағыты бойынша жүре бастаған төмен еденді «ЛиАЗ» маркалы жаңа автобустарды қарап шықты.
null 

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исақов биылғы жылы «Алматыэлектротранс» ЖШС сатып алатын 297 көліктің  алғашқы 20 автобусының қалаға  келгендігін айтты.

«ЛиАЗ»  маркалы автобустар Евро-5 стандартына сай, 108 адам тасымалдай алады. Кондиционерлермен, видео бақылау камераларымен жабдықталған, пандустары бар, қаланың брендбугімен әрленген.

Қалған автобустар үстіміздегі жылдың желтоқсанына дейін кезең бойынша жеткізіледі.

Бұрын №103 бағыттағы көлік Алатау ауданының тұрғындары үшін қолайлы болды, ол қала орталығымен жүріп, Әл- Фараби даңғылына келіп тоқтайтын.

Кейін тасымалдаушы жылжымалы составтың жоқтығы салдарынан бұл бағыт алынып тасталған еді.
null 

Өткен аптада тасымалдаушы «Green bus company» ЖШС «Yutong» маркалы 50 жаңа автобусов  алған болатын. Олар №50, 112, 126 бағыттары бойынша қызмет көрсете бастады.

Бұлардан өзге, жеке тасымалдаушылар сыйымдылығы әртүрлі 254 автобус алуды жоспарлап отыр. «БаТу Трэвел» ЖШС, «АвтоАлма-Транс» ЖШС, «Мадина» ЖШС, «ТалапТ» ЖШС, «Самат Транс» ЖШС,  «Green bus company» ЖШС тасымалдаушы- компаниялар  алған көліктер үстіміздегі жылдың қазан айының аяғынан 2018 жылдың сәуір айына дейін келе бастайды.

БҰҰ Даму бағдарламасының «Тұрақты көлік» жобасына сәйкес, биылдың өзінде Алматыда 530 жаңа автобус пайдалануға беріледі. Жалпы 2017 жылы қала әкімдігі 675 автобус алуға келісімшарт жасасқан. Оның 530-ы жолға биыл шықса, 140-тан аса автобус келер жылдың алғашқы тоқсанында келеді.

«388 автобусты әкімдік судсидиялау арқылы сатып алады, Ал қалғанын жеке тасымалдаушылар сатып алып жатыр», - деді қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан.