Алматыда жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының Жетісу ауданында жаңа дене-шынықтыру сауықтыру кешені ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

Алматы әкімінің баспасөз қызметі «Кемел» дене-шынықтыру сауықтыру кешенінің Мемлекет басшысы жариялаған Балалар жылы аясында ашылғанын айтты. Ол Кемел шағынауданында орналасқан. Ондағы үйірмелер мек секциялар балалар үшін тегін болады.

Кешенде көркем гимнастика, эстетикалық топтық гимнастика, бадминтон және жекпе-жек өнерінің алуан түрлері, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шахмат, тоғызқұмалақ секциялары жұмыс істейді.

«Ғимараттың жалпы ауданы – 2500 шаршы метр, жобалық қуаты ауысымына 94 адамды құрайды. Кешеннің құрылысы өткен жылы «Шекарасыз қала» жобасы аясында балалар мен тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және спортты әйгілендіру, сондай-ақ ауданды кешенді дамыту мақсатында басталған», - деп атап өтті қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.