Алматыда жаңа кардиология бөлімі ашылды

Аурухана баспасөз қызметінің мәліметінше, Түрксіб және Жетісу аудандары тұрғындары жүрек-қантамыр жүйесі патологиясы бар науқастар жақын жерден білікті, жоғары технологиялық кардиологиялық медициналық көмек ала алады.
«Бөлімшеде заманауи медициналық технологиялар – ЭКГ, ЭхоКГ, Холтер, АҚТМ, УДЗ, КТ, МРТ, рентгендік диагностика, эндоскопиялық зерттеулер және зертханалық диагностиканы қолдана отырып, науқастарды кеңейтілген тексеруге, диагнозды нақтылауға және дәлелді медицина принциптеріне негізделген адекватты терапия таңдауға барлық мүмкіндіктер бар»,- дейді бөлімше меңгерушісі Ризвангүл Якупова.
Кардиология бөлімшесінде мынандай қызметтер көрсетіледі:
- Жедел коронарлық синдром, тұрақсыз стенокардия, гипертониялық криз және т.б. коронарлық ангиографиямен стенттеу диагнозымен жедел науқастарды консервативті және кардио-интервенциялық емге ауруханаға жатқызу.
- Стент қою арқылы жоспарлы коронарлық ангиографияға жоспарланған науқастарды госпитализациялау.
- Кардиореабилитацияға жоспарланған науқастарды госпитализациялау.
Айта кетейік, №4 қалалық клиникалық ауруханада былтырдан бері халыққа кардиологиялық және интервенциялық кардиологиялық көмек көрсетіліп жатыр.
Халық арасында травматологиялық емхана ретінде танымал төртінші қалалық аурухана көрсетілетін қызмет түрлерін кеңейтуге бет бұрды.