14:00, 22 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Алматыда жаңа қазақ гимназиясы ашылды
АЛМАТЫ. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Алматы қаласында қазақ тілінде білім беретін мектептердің саны тағы бір білім ордасымен толықты. Бүгін Әуезов ауданында «Абылай - Т» гимназиясы салтанатты түрде ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жаңа гимназия 300 оқушыға лайықталған. Физика-математика пәндері тереңдетіп оқытылады. Қазақ тілімен қатар әлемдік қолданыстағы қытай, ағылшын тілдерін жоғары дәрежеде үйретеді. Оқу ғимараты сапалы білім беру негізінде қазіргі заман үлгісіндегі материалдық-техникалық базамен жабдықталған. Оқушыларды 3 мезгіл тамақпен қамту мен мектепке әкелу мен үйлеріне жеткізіп салу қарастырылған. Сонымен қатар гимназия жанында мектепалды дайындық бөлімі жұмыс істейді.
Гимназияның ашылуына қала әкімі Ахметжан Есімов, Білім басқармасының бастығы Рахат Шимашева, Әуезов ауданының әкімі Бекқали Торғаев қатысып, жаңа мектептің ашылуымен құттықтады.